Жаңалықтар

Алғашқы рет Әулиекөл аудандық кітапханасында 8 қаңтардан 8 сәуір аралығында  «Ілулі кітап» акциясы өтті. Акцияның мақсаты:кітап оқуды белсендендіру, кітапберілімді ұлғайту,үздік кітаптар оқырмандардың  рейтингін құру.«Ілу»  Неапольден бастау алады, дәмханаға келуші  басқа бір келуші үшін кофеге төлегенін жиі көруге болады.  Бұл  кофе  «ілу  » деп  аталады.

Әр жеке адамның және жалпы халықтың өмірінде тарихи құндылықтар ретінде мәңгілік сақталатын оқиғалар, ауқымды, естен кетпес атаулы күндер бар. Тың эпопеясы осыларға жатады.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің 65 жылдығына орай 10 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасында «Отбасы тарихынан аудан тарихына дейін» еске алу- кеші кетті. Іс-шараның мақсаты - Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне ат салысып,тың жерлерді игерушілердің қосқан үлесі туралы айтып жеткізу. Іс-шара қонақтары  Зайляев Фуат Ахметгалиевич, Ефименко Надежда Ивановна, Аязбаева Гаухар Ержановна ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен  өздерінің естеліктерімен, сол ерлік уақытындағы алған әсерлерімен бөлісті. Олардың есімдері еліміздің және біздің ауданымыздың тарихына жазылған. «Тың игеруші » сөзі ерлік, мақтаныш пен құрмет нышаны болды және  болып қала береді. Слайдтар көрсетілді, тың жерлерге арналған туындылар мен әндер шырқалды.  Жүргізушілердің әңгімелерінде құжаттар, фотографиялар, архивтік фактілер,тың игерушілердің естеліктері қолданылды. Аудандық мәдениет үйінің мамандарының қатысуымен музыкалық нөмірлер орындалды. Қатысқандар  31 адам.

Жастармен тиімді жұмыс - біздің заманымыздың басты  міндеттерінің бірі. Қазақстан жастарының әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының стратегиясын ескере отырып, кітапхана жас оқырмандармен жұмыс істеудің тиісті, басым бағыттарын құруға ұмтылады.

Тұрғымбаев ауылдық кітапханасында «Шеберлер елі» жасөспірімдер клубы жұмыс атқарады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылына орай Құсмұрын ауылдық кітапханасы жас поэтесса, Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер Ассоциациясының мүшесі, «Қанаттар» жастар поэзиялық қауымдастығының мүшесі Яна Федоровичпен кездесу өткізді.Тұсаукесер «Туған жер» кітапханалық жобаның аясында оның алғашқы «Идем смотреть на звёзды» жинағынан басталды.

Қазіргі қазақстандық авторлардың шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында 27 наурызда Әулиекөл аудандық балалар кітапханасында VI облыстық «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.

Наурыз - көктемгі күннің теңесуін, барлық бастамалардың басталуын, табиғаттың жаңаруын, жарқын да мейірімділіктің салтанатын бейнелейтін ерекше мейрам.Әулиекөл аудандық кітапханасы барлығы асыға күтетін көктем мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» театрландырылған қойылым ұсынды. Іс-шараны өз еліне деген патриоттық сезімдерге,қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына деген құрметке тәрбиелеу мақсатында өткізді. Кітапхана барлық оқырмандар мен шақырылғандарға Наурыз мейрамын қарсы алу үшін есігін айқара ашты. Әсем безендірілген кітапхананың фойесінің бір жағынан аса құрметті  «Дәстүр » клубының мүшелері орын алды,сондай-ақ ұлттық тағамға толы дастарханның жанына көрермендер ретінде шақырылған ауылшаруашылық колледжінің студенттері жайғасты.Іс-шара дәстүрлі «Шашу» және «Бата беру» рәсімдерінен басталып,Қыдыр ата бата берді. «Дәстүр» әдеби-фольклорлы клубының қатысушылары «Тұсау кесу» және басқа дәстүрлерін көрсетті, Наурыз туралы өте әсерлі ән орындалды. Іс-шарада «Жетікөл» ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі А.Хамитбеков домбырамен күмбірлеген күй орындап берді. Өнер мектебінің оқушысы Сатубалдина Айжан «Шашу» биін биледі. Қонақтар зор ықыласпен «Көтерме» ұлттық ойынына белсене қатысты, «Кім жылдам» байқауында шеберлік пен тапқырлықтарын байқатты. Іс шара мерекелік дастарханмен аяқталы, барлық қатысушылар ризашылықпен тарасты.