Жаңалықтар

Наурыз - көктемгі күннің теңесуін, барлық бастамалардың басталуын, табиғаттың жаңаруын, жарқын да мейірімділіктің салтанатын бейнелейтін ерекше мейрам.Әулиекөл аудандық кітапханасы барлығы асыға күтетін көктем мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» театрландырылған қойылым ұсынды. Іс-шараны өз еліне деген патриоттық сезімдерге,қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына деген құрметке тәрбиелеу мақсатында өткізді. Кітапхана барлық оқырмандар мен шақырылғандарға Наурыз мейрамын қарсы алу үшін есігін айқара ашты. Әсем безендірілген кітапхананың фойесінің бір жағынан аса құрметті  «Дәстүр » клубының мүшелері орын алды,сондай-ақ ұлттық тағамға толы дастарханның жанына көрермендер ретінде шақырылған ауылшаруашылық колледжінің студенттері жайғасты.Іс-шара дәстүрлі «Шашу» және «Бата беру» рәсімдерінен басталып,Қыдыр ата бата берді. «Дәстүр» әдеби-фольклорлы клубының қатысушылары «Тұсау кесу» және басқа дәстүрлерін көрсетті, Наурыз туралы өте әсерлі ән орындалды. Іс-шарада «Жетікөл» ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі А.Хамитбеков домбырамен күмбірлеген күй орындап берді. Өнер мектебінің оқушысы Сатубалдина Айжан «Шашу» биін биледі. Қонақтар зор ықыласпен «Көтерме» ұлттық ойынына белсене қатысты, «Кім жылдам» байқауында шеберлік пен тапқырлықтарын байқатты. Іс шара мерекелік дастарханмен аяқталы, барлық қатысушылар ризашылықпен тарасты.

Биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Құсмұрын ауылдық кітапханасында Әбділда Тәжібаевтің 110 жылдығына орай «Өмір жолына ұзақ жүрдім» атты әдеби кеш өткізілді. Әсерлі кештің оқырман қауым және 11 сынып оқушыларына мол әсері болды. Ақынның жүріп өткен жолдары, сонау Ұлы Отан соғысы кезінде аяғының кемістігіне қарамастан, майдандағы солдаттарға сәлем беремін деп келіп, елдің хабарын айтып, жалынды өлеңдерін оқып, жауынгерлердің құлақ құрышын қандырғаны оқушыларға үлгі – өнеге. 1909 жылы Сарыарқаның төсінде туып, әкеден ерте жетім қалып, аяулы анасымен көрген қиында қызықты ғұмыры, нағашы атасының тәрбиесін алғаны, содан кейін ақындыққа ден қоюы, бұлда болса таланттың ұштауы. Негізі ақындық қабілеті анасынан дарыған. Тарихқа үңілсек, ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен анасының айтысы Әбділдаға сүйеу болғаны хақ. Жазушының қаламынан туған «Аралдар», «Жаңа ұрпақ», «Лирикалар», «Құрдастар», «Толағай», «Аралдар» сынды романтикалық поэмалары, «Той боларда», «Жалғыз ағаш орман емес», «Жартас» пьесалары, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т.б. зерттеу еңбектері ойшылдығымен, шыншылдығымен ерекшеленеді. Айтулы кеште оқушылар көп қырлы талант иесінің шығармашылығына әсерлі сұрақтарын қойып, рухани байлыққа бай екендерін көрсетті. Қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне көп үлес қосқан Ә.Тәжібаевтің  артына қалдырған мұрасы келер ұрпаққа мол ғибрат болатынына көз жеткіздік.

Аманқарағай ауылдық кітапханасында  оқырмандармен бірге «Алғысқа шек жоқ» мейірімділік сағаты өтті. Іс-шараның басында қатысушылар әлемнің әр елінде қабылданған түрлі тәсілдер арқылы сәлемдесті.  

«Бір ел – бір кітап»  Акция аясында Әулиекөл ОКЖ-де  іс-шаралар өтуде. Ұлттық әдебиетті танымал ету, тарихи, мәдени және рухани мұраларды сақтау және нығайту мақсатында жас ұрпаққа оң адамгершілік  және патриоттық тәрбие беру мақсатында Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында  «Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» кітап көрмесінің алдында диалог өтті.

Аманқарағай ауылдық кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға  № 2 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Әңгіме барысында қатысушылар Мемлекет басшысының мақаласының мазмұнымен танысты.

Әр заманның өз батырлары бар. Жауынгерлік ерлік әрқашан адамның ең жақсы қасиеттері - азаматтылық, отансүйгіштік қасиеттерімен  бағаланып, өнегелі тұғырға айналды. «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында, Ауғанстанның кеңес әскерінен шығырылуының 30 жылдығына арнап Москалев ауылдық кітапханасында  «Жауынгер соғысты таңдамайды» ерлік сағаты өтті.Іс-шараның мақсаты: өз Отанының  тарихының қызығушылығын дамытуға ықпал ету; отансүйгіштікке, азаматтық парыз сезімдерін қалыптастыруға, ауған соғысына қатысушырға құрметпен қарауға тәрбие беру.

14.02.2019


Қазақстан үшін терроризм мәселесі, ең алдымен, геосаясаттың орнауына  байланысты болып отыр: мемлекет Батыс пен Шығыстың арасында екі әлемнің қиылысында орналасқандықтан, барлық жерден  шиеленіс нүктелері біздің елге кез келген уақытта ауысуы мүмкін. Сондықтан халықаралық экстремизм мен терроризм Қазақстанның ұлттық мүдделеріне елеулі қатер төндіреді деген қауптің бар екендігі шындық. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: бүгінгі күннің өзекті тақырыбы - терроризм мен діни экстремизмге  жастардың назарын аудару, осындай жағдайды және оны шешу жолдарын талқылау және анықтау, жас ұрпақты толеранттылық және  конфессияаралық келісімділікке тәрбиелеу.