Жаңалықтар

12.02.2019


2019 жылғы  15 ақпанда –Ауғанстанның кеңес әскерінен шығарылуына – 30 жыл. Жоғары рухтылық,жанкештілік,жауынгерлік борышын орындауда батырлық танытқандарға құрмет көрсету мақсатында  Аманқарағай ауылдық кітапханасының кітапханашылары  «Ауғанстан естелік пен күйзеліс» патриоттық сағатын өткізді. Мақсаты: елімізден тысқары  жерлерде соғысқан, туған жерге деген  шынайылық   танытып, әскери антын адал орындаған жауынгер-интернационалистерді еске түсіру. Бұл соғыс адамзаттың өмірінен ешқашан ұмытылмақ емес, себебі оның тарихы аналардың көз жасымен,жауынгерлердің қандарымен жазылған.

11 ақпанда аудандық балалар кітапханасында Ауғанстанның кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына және жауынгер-интернационалистердің еске алу күніне арналған  «Ауғанстанмен шыңдалған  жандар» атты көрме ұйымдастырылды.

Құсмұрын балалар кітапханасында жауынгер-интернационалистерді еске алу Күніне және Ауғанстанның кеңес әскерінен шығуының 30 жылдығына арналған «Ауғанның ұзақ жаңғырығы » көрме-естелік ұйымдастырылды

Біздің шағын Отанымыздың жергілікті жазушылары біздің арамызда өмір сүргенімен,олар туралы көп біле бермейміз. Жай қарапайым адамдар сияқты көрінеді.... Бірақ біз үшін үйреншікті, көзге көрінбейтін жағдайлар  олар үшін шынайы өмірде  туған жердің сұлулығына  деген таңданыстары мен сүйіспеншіліктері молая береді. Осындай тамаша  дарынды адамдар тек қане үлкен қалаларда ғана емес, біздің Аманқарағай сияқты шағын ауылдарда тұратыны көңілге қуаныш ұялатады. Олар бізді шағын  отанымызға деген сүйіспеншілікке, мақтан тұтуға үйретеді. Аманқарағай ауылдық кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Менің шағын Отаным – Аманқарағай" жобасы бойынша жергілікті жазушылардың "Туған өлке қаламгерлері" атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Іс-шараға Аманқарағай №2 орта мектебінің 10 сынып оқушылары шақырылды. Кітапханашылар оқушыларды жергілікті жазушылар: С.Ақдаулет және А.Қажидың өмірі мен  шығармашылығымен таныстырды және олардың «В последний миг», «Первая лошадь или Белолобый», «Батыр Дузей», «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Дархан дала», «Мурка», «Менің пірім – қазанаты қазақтың» атты кітаптарының тұсаукесері ұсынылды. Сатыбалды Ақдаулет пен Абай Қажи біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары болып келеді. Осы жазушылардың қолынан ізгі тілектер мен қолтаңбалары қойылған  жаңа кітаптарын сыйға алу біз үшін өте қуанышты. Іс-шара соңында 15 дана кітап берілді.

Москалев модельді кітапхана орта мектептің оқушылары мен ауылдың жастарымен бірге «Терроризм - қоғамға қауіп» флешмоб өткізді. Негізгі мақсат - терроризмнің мәнін, оның түрлері мен мақсаттарын түсіндіру; оқушылардың  терроризм туралы білімін жетілдіру; жас ұрпақтың қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру, террористік шабуыл кезінде мінез-құлық ережелерімен таныстыру. Балалар, жасөспірімдер, жастар ортасы ерекше назар аударуды талап етеді. Олардың баянды болашағы, толыққанды рухани және интеллектуалды дамуы үшін терроризмге қарсы күрестегі барлық  ерекшеліктерді ескеру қажет.

Қазіргі адамзат үшін ядролық қарудан және жаһандық экологиялық апаттан кейінгі үшінші қауіп - нашақорлық болып табылады. Нашақорлық тек жеке адамның өмірі мен денсаулығына ғана емес,  бүкіл қоғамға қауіп төндіреді.

Нұр Отан партиясының құрылуының 20 жылдығына орай Әулиекөл аудандық кітапханасы «Болашағы жарқын Нұр Отан» кітап көрмесінің тұсаукесерін ұйымдастырды.