Жаңалықтар

Әулиекөл аудандық кітапханасында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының аясында «Туған тарихтың ғажайып әуендері» сазды қонақжай  кеші өтті. Іс-шараның  қонақтары   «Дәстүр» фольклорлық клубының  қатысушылары болды. Клуб жетекшісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласымен таныстырып өтті. Біздің жеріміз  асыра айтқандығымыз емес,мәдени материалдық құндылықтарға толы   өлке. Көшпенділер өмірінде вокалды және ұлт аспаптық музыкалық өнер басты рөл атқарды. Олар ішекті, үрмелі, кермелі, дабылды аспаптарды,  оның ішінде домбыра, қобыз, сыбызғыларды қолданған. Қазақ халық әндерін кім  көбірек білетіндігі туралы   байқау жарияланды. Қатысушылар  ұлттық аспаптардың тарихын еске алып қана қоймай, көптеген әндерді  шын ниеттерімен орындады. Жүргізуші қазақ халқының ежелгі аспаптары туралы жазылған кітаптарға шолу жасады.

2018 жылғы 4 желтоқсанда Құсмұрын балалар кітапханасы 6 сынып оқушыларымен «Ұлы дала әуендері» атты фольклор сағатын өткізді.

2018 жылы 28 қарашада Тимофеев ауылдық кітапханасында Тимофеев орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз ұлы даланың тарихына қатыстымыз» жастармен диалог жүргізілді. 

 

27 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының аясында  «Қазақстан бойынша сиқырлы саяхат » конкурстық-ойын бағдарламасы өтті.

 

15 қарашада дүниежүзілік  «Ақ таяқ » Күні атап өтілді. Ақ таяқ  көзі нашар көретін  және зағиптардың ең бір айрықша нышаны. 27 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында «Ақ таяқты адам» атты  «Диалог» клубының  отырысы өтті.

Біздің тарихымыз - Қазақстан халқының қуатты біріктіруші факторы, барлық азаматтар үшін шабыт көзі.

Әулиекөл аудандық кітапханасында кітап, кітап оқуды дәріптеу, кітапхананың оң бейнесін қалыптастыру мақсатында «Шексіз кітапхана» ашық есік күні өтті.